Главная » Новости налоговой » Салық төлеушілердің назарына!

Салық төлеушілердің назарына!

27 сентября 2018 - nalog

Салықтық есептілікті керi қайтарып алу тәртібі

Салық төлеуші (салық агентi) салықтық есептілікті керi қайтарып алу үшін салық органына, өзі тiркеу есебiне қойылған жер бойынша салықтық өтiнiштi ұсынады.

Салық органының коды дұрыс көрсетілмеген салықтық есептiлiкті өзгерту әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті ұсыну орны бойынша ұсынылады.

Салықтық есептілік көрсетілген салықтық кезеңге ұсынылған салықтық есептіліктің барлық қосымша нысандары ескеріле отырып, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнен салық органының керi қайтарып алуына жатады.

Салықтық есептілікті керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен жүргізіледі:

1) жою әдiсiмен, бұл ретте керi қайтарылатын салықтық есептілік салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан жойылады;

2) өзгерту әдiсiмен, бұл ретте бұрын ұсынылған салықтық есептілікке салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiледі.

Жою әдісімен мынадай:

1) салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салықтық есептілігін;

2) осы Кодекстiң 208-бабы 2-тармағының және 211-бабы
5-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған;

3) осындай салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме болмаған кезде ұсынылған;

4) осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылмады деп есептелетін;

5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған салықтық есептілікті кері қайтарып алу жүргізіледі.

Жою әдісімен салықтық есептілікті кері қайтарып алу кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органы кері қайтарып алынатын салықтық есептілік бойынша салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген (азайтылған) сомаларына түзетпе жасауды жүзеге асырады.

           Өзгерту әдiсiмен мынадай салықтық есептілікті:

1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

3) резиденттік мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

4) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;

5) салықтық кезең дұрыс көрсетілмеген;

6) салықтық есептіліктің түрі дұрыс көрсетілмеген;

7) салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салықтық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

Өзгерту әдiсiмен салықтық есептілікті кері қайтарып алу кезiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында тiркеу есебiне қойылған жері бойынша салық органы мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, салықтық есептілік бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, кері қайтарылатын салықтық есептілікте көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!