Главная » Новости налоговой » Управление государственных доходов по г.Экибастуз сообщает

Управление государственных доходов по г.Экибастуз сообщает

19 апреля 2018 - nalog

 СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрітөлемақы) ҚР аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

Төлемақы бойынша мөлшерлемелерді, есептеу және төлеу тәртібі туралы толық мәліметті Салық Кодексінің 603-606 баптарынан алуға болады.

Жарнама объектiлерiн тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
Тиiстi рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.

Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері (2018 жылы АЕК - 2405 теңге) негізге алына отырып айқындалады.          

Күнтiзбелiк бiр ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомасы келесi айдың 25-інен кешiктiрiлмей төленедi.

Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды Салық Кодексінің 100 және 102-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқығы бар.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!