Главная » Новости » Выставка "Мир портретов" в музее

Выставка "Мир портретов" в музее

5 августа 2015 - Команда ekibastuz.kz

3 августа 2015 г. в городском музее состоялось открытие первой персональной выставки самодеятельного художника, жителя с. Сарыкамыс Ш. Базарбекова

Присутствующие познакомились с трудовой деятельностью Шията Темиргалиевича, с представленными работами в технике графика, живописью, декоративно-прикладным творчеством, а также поделились своими мнениями.

На презентации выставки присутствовали Герой Социалистического Труда, почетный гражданин г. Экибастуз Бокен Кызгарин, поэт, журналист Жассерик Садвокасов, родственники, одноклассники, жители села а также представители СМИ.     

На открытии прозвучали произведения «Бала Мишка», «Балбырауын» в исполнении студента Казахского Национального Университета, призера конкурсов «Астана мерейлі» и «Ақ көгершін» А. Кудайбергенова,  песню «Қос байтерек» спела дочь Ш. Темиргалиевича Д. Базарбекова и стихотворение «Атаға» прочитала внучка.    

За пропаганду национального творчества от администрации музея Шияту Темиргалиевичу Базарбекову было вручено благодарственное письмо. 

Закрытие выставки состоится 31 августа 2015 года.

Источник: cultura-ekb.gov.kz

 

Комментарии (14)
5 августа 2015
1111111111

Судя по портретам ничего особого не вижу в них!

12 сентября 2017
Асель
"11111111111" сам нарисуй потом посмотрим
13 сентября 2017
Рахымбай
Рухани үлкен ләззат сыйлағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін.қаншама таныс адамдармен жүздескендей болдым. ініме көп рахмет таабына НҰР жаусын. мынадай жазатынды кеш білдім.
15 сентября 2017
Олжабай
Мен көрмені алдыңғы өз тілегін қалдырған азаматпен бірге тамашаладым. бастапқыда бізде осындай жазу қалдырады деген ой болмапты. көрмені тамашалауға келген жұртқа ой салып күлімсіреп қарап тұрған тұлғалардың портреттерін көріп аса шеберлікпен берілгенін байқадым. қара сиямен осынша туынды жасауға болатынына қызықтым.онда Павлодар өңірінің батырлары Махмет Қайырбаев, Серікбай Мүткенов,Қанаш Хамзин және т.б.Сағадат Нұрмағамбетов,Қасым Қайсенов,Бауыржан Момышұлы,Рахымжан Қлшқарбаев,Хиуаз Доспанова,Бибігүл Төлегенованың портреттері сонымен бірге Тоқтар Әубәкіров, ойшыл кемеңгер қаламгерлер Абай,Мұхтар,Әбіш Кекілбаев,Шерхан Мұртаза басқа да тарихи тұлғалар орын алыпты. Әйгілі МәшҺүр Жүсіп Көпеев пен қатар Әулиелі Ақкөл Жайылманың мақтаныштары Естай Беркімбаев, Әулие Жәкең қожа, Социалистік Еңбек Ері Бөкен Қызғарин, мемлекет қайраткері ғалым Айып Құсайыновтың портреттерін тамашаладым.Жақсыны көрмек үшін деген.Алдағы уақытта інімнен тағы да тың шығармалар күтемін. Өнерің өрге жүзсін.
19 сентября 2017
Валентина Ивановна
На выставку мы приехали из Астаны.Увидели результат работы талантливого художника и такое произведение обрадовало нас, хотя я считаю себя человеком несколько далеким от искусства. в то же время могу заметить детали которые создают неповторимую атмосферу тепла. Давно не видела таких портретов нарисованных простой ручкой. Спасибо за выставку.
9 октября 2017
1976
Біз Шәкеңмен бірге оқыған жолдастарымыз. Ол мектеп қабырғасынан суретті жақсы салатын. тіпті сабақта отырып мұғалімнің не кластастарының суретін салып отырушы еді. сонда ойлайтынбыз негізі осы кластасымыздан үлкен суретші шығады деп. сол ойымыз теріске шықпапты біз соған қуаныштымыз. арада қанша жыл өтсе де өнерін өшірмей баптап келген жолдасымызға көрме өткізуіне құттыболсын айта отырып, еңбегің биік шыңнан көрінсін, өзіңе, отбасыңа амандық тілейміз демекпіз. өнерің өрге жүзсін. жыл сайын көрме өткізіп отыруыңа тілектеспіз.
12 октября 2017
Амантай
Шияп жас кезінен өнерлі еді. Ол мектеп Ақкөлде мектеп қабырғасында оқып жүргенде мектептің бүкіл плакаттарын, совхоздағы рабочкомның плакаттарын жазып өзі еңбек тауып жүретін. Контордың алдындағы үлкен плакаттарды да майлы бояумен салып жатқанана талай куә болғанмын. Сарғамыста жүргенде де плакаттарды салып жүрді. Ол кезде жазда өтетін сабантойдың жазуларын жазып талай жүлде алып жүретін. Сол өнерін өшірмей жалғастырып келе жатқанына өте қуаныштымын.Көрмесін тамашалап өте жақсы әсерде болып қайтқабыз.Осындай бет ашылыпты дегенді естігенде қатты қуанып өз ойымды жүректегі шынайы алғысымды білдіргім келді.Өнерің үлкен биіктерден көрінсін дегім келеді. Айтпақшы ол әлі есімде, өйткені сол күні ауылда той болды. Дәлірек айтсам 1989 жылдың 16-шы сентябрінде Сарықамысқа үлкен концертпен келген Құрманғазы оркестірінің құрамындағы атақты Бибігүл Төлегенованың портретін салып ол апамызға сыйлаған болатын. Бибігүл апамыз оған батасын беріп қолтаңбасын қалдырған еді. Сол үлкендерден алған баталар демеп алда да үлкен белестерден көре берейік.
19 октября 2017
Туыстары
Біз туысымыздың көрмесін көпшілік ағайынмен бірге тамашаладық. Жоғарыда өз дерінің көрме туралы ойларын білдіріп жатқан көрермендерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Көрме өте тамаша күйде өтті. Көрмеге қойылған суреттер көрермендерге үлкен ой салып әр картинамен сырласқандай алдында үнсіз үңіліп тамашалап жатқан жұртты өз көзімізбен көріп бойымызды қуаныш кернеді. Оның көптеген шығармалары жан жаққа тарап кеткеніне де куәміз. Үйткені ол адамдардың көңілін қимайды да, сыйлыққа ұсынып жібереді. Тіпті жақын маңдағы қалаларды айтпағанда, сонау Алматыға дейін тарап кетті. Ал енді осы көрмені ұйымдастыруға ат салысып басы қасында бірге жүрген мұражай қызметкерлеріне деген алғысымыз шексіз. Сіздердің атқарып отырған жұмыстарыңыз жемісті болсын. Шашуларын шаша келген ағайынға да көп-көп рахмет! Ал туысымызға тілегіміз алда тағы да тамаша туындыларыңмен көрермендерді қуанта бер, денің сау болсын, жолдасың екеуің өсіріп отырған балаларыңның, немере, жиендеріңнің қызығына тоймаңдар. Күндерің Нұрлы, өмірлерің мәнді болсын деп тілейміз.
3 ноября 2017
Құдайберген, Екібастұз қаласының тұрғыны.
Жуырда бір танысымның үйінен қолыма Жассерік бауырымның "ТОПЖАРҒАН" атты кітабы түсті. Ақтарып отырсам осы кітапта Шият туралы "Қиялы ұшқыр суретші" атты жазылған екен. Мен оның көрмесін тамашалаған болатынмын. Өнерлі азаматпен осы кітаптағы мақала арқылы тағы да жақын таныса түстім. Өзім де өнерге жақын болғандықтан оның өзінің сүйікті ісін тастамай халық назарына ұсына білгеніне тәнті болдым. Оған да жүрек керек шығар. Таза жүрегімен осынша танымал адамдар мен ,табиғаттың тамаша бейнелерін әсем көрсете білгені қуанты. Өнерің үстем болсын інім. Сонымен бірге оның "Ақ баталар" жинағын құрастырып, баспадан басқызып көпшілік назарына ұсынғанының да куәгері болдым. Халық айтса қалт айтпайды деген рас екен-ау. Жігітке жеті өнер де аз. Бауырыма тағы да тың шығармаларын жарыққа ұсынуына тілектеспін.
9 ноября 2017
Қаскелеңнен сәлем!!!
Интернет бетін ақтарып отырып осы бетті көріп қалдым. Аты жөні таныс болғандықтан оқи бастадым. Бақсам өзіммен бірге Павлодар совхоз техникумда оқыған азамат екеніне көзім жетті. Оның көрмесін тамашаламасам да, өнеріне тілектестік білдіргім келді. Өйткені ол біздің группаның маңдай алды старостасы болған еді. Оқуды да жақсы оқып қызылға бітірген болатын. Әрдайым көңілді жүретін, қандай жағдайда да көмекке әзір, ұйымшылдығымен есімде қалыпты. Группаластары үшін көмегін аямайтын. ол да мені ұмытқан жоқ шығар, өзі еш өзгермепті бірден таныдым. Конспекті жазғанда арасында сурет салу керек болса ол қатырып тұрып салатын. Ол осымен де мұғалімдердің көзіне түскен болар деп ойлаймын. Оның өнерлі екеніне сонда көзім жеткен. Мені алыстан келді деп аса құрметтейтін. Көрмең құтты болсын! Өмір жасың ұзақ болсын! Немере шөберелеріңнің қызығына тойма. Өнерің өшпесін!
Қаскелеңнен мен жалғыз болғам есіңе түсір.
12 ноября 2017
Қала тұрғыны Қуанханова
Құрметті Шият Базарбеков.Көрмеңізді тамашалап көргенмін. Салған портреттеріңіз өте жақсы шыққан.Қазақтың белгілі тұлғалары мен батырлары жақсы бейнеленген. келешекте портреттерін үлен рамаларға салсаңыз деген пікір айтам. барлық портреттер өте шебер салынған. шаршамаңыз, талмаңыз, әдемі портреттеріңіз көп болсын. шығармашылығыңыз жылда дами берсін.
12 ноября 2017
Антоненко С
Блогадарим за доставленное удовольствие от просмотра портретов и картин. Желаем здоровья и творческих успехов!!!
15 ноября 2017
Біз № 2 мектеп оқушылары атынан.
Тамыз айында біз бұл ағайдың Екібастұз музейінің көрме залында жеке шығармашылық көрмесін тамашаладық. Ықылас кітапшасында да өзіміздің көрме жайындағы ойымызды білдірген болатынбыз. парақша кездескен соң тағы да тілегімізді білдіргіміз келді. Бізге көрме қатты ұнады, таңғаларлық қол өнер бұйымдары мен картиналар және портреттердің тамаша бейнеленгендігі сондай көз тоймайды. Сізге денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.
15 ноября 2017
Романова Т.В.
Я тоже посетила выставку. Хочу сказать спасибо Шияту Базарбекову за хорошую работу пусть они радует всех посетителей музея и в дальнейшем.