2 жетоқсанда конкурсқа қатысушы үміткер-қызметерлердің өз салаларының кәсіби негіздерін тексеру бойынша тестілеу өткізілді. Алдағы уақытта олар тәжірибелік сынақтан өтіп, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын  тапсырады. Дәстүр бойынша бірінші іріктеу кезеңінің алдында байқауға қатысушыларды кәсіпорынның бас директоры Еділ Көпенов құттықтады. Өз сөзінде ол мұндай байқау жұмыскерлердің өзін-өзі дамытып, біліктілігін арттыруға көп септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ, қатысушыларға сәттілік тілеп, келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Станцияның өндірістік қызметкерлер арасындағы кәсіби шеберлік байқауы соңғы жеті жылда дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Байқаудың қортындысы жылдағыдай кәсіби мереке, яғни, энергетик күнінде шығарылады. Осы жылы байқауға бақтарын сынап алты мамандық бойынша 63 жұмыскер қатысуда. Олар электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері, жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр сілесірі, қараушы-машинист, энергетикалық блогтың аға машинисі, жөндеу жөніндегі сілесір және электр-газбен дәнекерлеуші сияқты мамандық иелері.

Омбудсмен

test3