2021 жылдың 27 желтоқсанында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де 1980 жылдан бастап электр энергиясын өндірудің ең жоғарғы көрсеткіші тіркелді - станция 22,435 млрд.кВтсағ. электр энергиясын өндірді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 22,7 млрд.кВтсағ.-қа дейін арттыру жоспарлануда.

Осыған ұқсас нәтиже 1987 жылы барлық сегіз энергоблок іске қосылған тұста, 22,4 млрд.кВтсағ. электр энергиясын өндіру тіркелген болатын, ал 2021 жылғы рекордты еліміздегі ең ірі электр станциясының қызметкерлері жеті энергоблок жұмыс істеп тұрған кезде қайталай алды. Өндірістің рекордтық көрсеткішіне жедел персоналдың нақты және үйлесімді жұмысының, жыл сайынғы жөндеу науқанын тиімді өткізудің және 1-МАЭС жабдықтарының қуаттарын қалпына келтіру және жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны дәйекті іске асырудың арқасында қол жеткізілді.

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС – белгіленген қуаты 4000 МВт құрайтын және иелік қуаты 3500 МВт болатын Қазақстандағы ең ірі конденсациялық электр станциясы

Омбудсмен

test3