Әлеуметтік өмірБіздің станцияның 40 жылдығына арналған кәсіпорын жұмыскерлерінің 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларының арасында Балаларды қорғау күніне орай 2020 жылдың 15 мамырынан бастап 27 мамырына дейінгі кезеңде өткізілген конкурстың қорытындылары шығарылды. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 40 жылдығына орай 2020 жылдың 16 сәуірінен бастап 30 сәуіріне дейінгі аралықта станция қызметкерлерінің арасында «Үздік логотип» атты конкурсы өткізілді. Конкурс жеңімпаздарын келесі құрамдағы комиссия анықтады: - Джиенбаев Е.Е. – бас директор; - Ларичев Л.В. – бас инженер; - Утеуов Қ.Т. – жалпы мәселелер жөніндегі директордың м.а.; - Чигвинцева Т.А. – кәсіподақ комитетінің төрайымы. 1-орынға ие болған – Әубәкіров А.Қ., сенімділікті қамтамасыз ету және жабдықтарды қауіпсіз пайдалану қызметінің жетекші инженері; 2-орынға ие болған – Дробец А.Г., өндірістік-техникалық бөлімінің мұрағат меңгерушісі;
3-орынға ие болған – Закриянов Қ.М., ОКЦ-2 бастығының орынбасары. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталатын болады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Комиссия сонымен қатар А.А. Илекеевтің, Е.С. Стужуктың және А.Ж. Қамзинованың жұмыстарын атап өтті. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 18,9 %-ды құрады. Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергоблогының бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті. Өткен жылы кәсіпорынның айшықты сәттері мен жылт еткен жаңалығын паш етуді мақсат еткен біз 1-МАЭС станциясына барғанымызда, кеңсе алдындағы Құрмет тақтасында аз-кем кідіріп қалдық. Еңбек екпінділері арасында жерлесіміз, Аққулы ауданы «Майқарағай» кеңшарының тумасы Аманбай Асановтың суреті көзімізге оттай басылды. Сол сәтте еңбегімен абыройға бөленген жерлесім үшін бойымды мақтаныш сезімі билегенін қалайша жасырайын?! «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші, тура бір жыл уақыт өткен соң мақтаулы азаматпен редакцияның қара шаңырағында кездесудің сәті түсті. Еңбектің алғы шебінен көрініп жүрген Амантай Асанов – Қазандық-турбина-2 цехының энергоблок маши- нисі, білгір шебер. Ең- бек өнімділігі жайлы сөз қозғалғанда, Амантай бірден үзеңгілес жүрген болат білекті азаматтарды ауызға алды: - Кәсіпорында азды-көпті жетістікке қол жеткізсем, ол - қайыспас қара нардай жігіт- тердің арқасы. Уразбай Дощанов, Алтынбек Баядилов, Александр Матвеев, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Жұ- мағали Досмұратовтардың есімдерін бөле-жара атап өткім келеді. Өзге де әріп- тестерім – өз ісінің шебері, еңбек өнімділігі жағынан ешкімге есе жібермейді. Қолға алған істі тас түйін аяқтап, мінсіз орындауға машықтанған жандар. Менің міндетіме су толтырылған алып қазандықтарға көмірді үздіксіз жағу жұмыстары кіреді. Бүгінде мұндай жұмыс заманауи техника арқылы басқарылады, - дейді тәжірибелі маман. Амантай Шынтемірұлының негізгі мамандығы – техник- механик. Павлодар қаласына таяу Красноармейкадағы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген ол біраз жыл теміржолда жолшы болып еңбек еткен. Кейін Екібастұздағы оқу комбинатына барып, машинистке оқиды. Қолына біліктілік куәлігі тиген соң, бірден 1-МАЭС станциясына жұмысқа орналасады. Осында тапжылмай еңбек еткеніне биыл 26 жыл болыпты. - Саналы ғұмырымды арнағандықтан ба, мұнда әр металл, әр қондырғы маған ыстық көрінеді. Машинист мамандығы менің таңдауым, пешенеме жазылған нәсіп екендігін енді түсіндім. 1993- 1996 жылдары станция қиын күндерді бастан өткерді. Жалақы уақытылы берілмеді. Соған қарамастан еңбектен қол үзбедік, - дейді Амантай Шынтемірұлы. Амантай Асанов станцияда 2 рет ірі апатты жағдай орын алғанын айтады. Алғашқысында, 1994 жылы, қондырғыдағы қатты қысымнан өрт кеткен. Сол кезде жұмыскерлер ауызбіршілік танытып, жанкештілікпен өрттің бетін қайтарған. Бірде- бір жұмыскер станцияны тас- тап кетпеген. 2004 жылы станцияда генератор жанып, ғимараттың шатыры құлайды. «Қыстың желтоқсан айы. Күн суық. Сақылдаған сары аязда түкірсең, түкірігің жерге мұз боп түседі. Аяғымызда пима. Қорбаң-қорбаң етіп жүгіреміз. Бет қаратпайтын аязға, ыңғайсыз киімімізге қарамастан бәріміз бір кісідей жұмылып өртті тоқтаттық. Бұл оқиға жұмыскерлердің бірлігін көрсетті», - деп еске алады сол күндерді байырғы жұмыскер. «Әке көрген – оқ жонар» демекші, ұлы Данияр да әкесі сияқты өндіріске өз үлесін қосуды мақсат етіп энергетик мамандығын таңдапты. Осы станцияда жетекші инженер. Ұрпақ сабақтастығы деген осы болар, сірә! Амантай Шынтемірұлы келіншегі Бақытгүл екеуі немересі - 6 жасар Ясминнің тәтті қылығын қызықтап отыр. Материалдар авторы:Материалдар авторы:Дария Ерғазина.Суреттерді түсірген:Игорь Тимошенко Бүгін, 14-қарашада Қазақстанда, жаңартылған латын әліпбиінің көмегімен азаматтардың мемлекеттік тілдегі мәтіндерді жазу дағдыларын тексерген жалпы халықтық диктант өткізілді. Энергетиктер осы ауқымды оқиғадан тыс қалмады және қойылған тапсырманы сәтті орындады. |
Омбудсменtest3 |
© 2022 «Монолит-Экибастуз»,
+7 (7 187) 40 03 00
E-mail: tep@ekibastuz.kz
eptikhomirov@yandex.ru – бұзушылықтар туралы хабарламалар үшін